Географиялық көрсеткіш туралы куәлік - 16

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Мәртебесі

Жарамды

(111) Тіркеу №

16-1

ҚҚ түрі

Географиялық нұсқамаға куәлік

(210) Өтінім нөмірі

16-1

(220) Өтінім берілген күн

28.05.2024

(540) Сурет

(730) Иесі

Казбергенов Нурбек Алдажарович 

(450) Бюллетень нөмірі мен күні

№ 33 - 16.08.2024

(181) Жарамдылық мерзімі

Тауар түрі

28.05.2034

кәмпиттер

Тауарды өндіру орнын (географиялық объектінің шекарасын)көрсету: г. Казалы, Казалинский район, Кызылординская область

Тауар сипаттамасының шығарылған жерімен байланысы (өндіріс):

«Қазалы» кәмпитінің тарихы ертеден басталады. Алғашқыда қарабайыр тәсілмен өзге ұлт өкілдері өндіріп, Кеңес өкіметі тұсында кірпіш зауытының кондитер цехында дайындалған тәттіні Мәскеу телеарнасының көгілдір экранына шығарған. Сол кездің өзінде Қазалының конфетіне сұраныс мол болған. Ал конфетке қажетті қоспалар Украина, Ленинград, Мәскеуден жеткізіліп тұрған. Ол кезде кірпіш зауытындағы цехта тәулігіне үш ауысыммен бір жарым тонна конфет дайындалған. Кеңес одағы ыдырауымен конфет шығару жайы да тоқырауға ұшырап, жұмыссыз қалған мамандар жан-жаққа тарап кеткен. Уақыт өте келе жеке кәсіпкер осы өнімді шығаруды қолға алып, тарихы шежірелі өңіріміздің есімін ұлықтау тұрғысында цехты және конфеттің атауында «Қазалы» деп атаған.

Тауардың сипаттамасы: 

Өңірімізде «Қазалы» атауымен өндірілетін кәмпиттің сапасы жоғары, дәмі тіл үйіреді. Себебі, бұл кәмпитке қосылатын қоспаларының сапасы жоғары. Оған бір дәлелі, Қазалының жалбыз кәмпиті. Аталған кәмпит құрамына қосылатын жалбыз табиғи өсімдік қазіргідей медицина дамымаған уақытта ата-бабамызды талай ауру-сырқаудан аман сақтап қалған. Жалбыздың дәрілік пайдасы көшпенді тұрмыстан бөлек, дамыған ғасырдың медицинасында да дәлелденген. Ол вирустық ауруларды жоюға таптырмас дәрі бола алады. Бәрінен бұрын асқазан, ұйқысыздық және іш ауруын бірден жазады. Тұнбасын ауыз уылғанда, қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары қабынған кездері қолданып, ауызды шаяды. Суық тиген уақытта сүтке қайнатып ішсе, дереу емдейді. Сондықтан осындай емдік қасиеті бар шөпті күнделікті халық тұтынатын кәмпиттің құрамына қосып, жалбыз дәмі бар кәмпитті суық тиген кезінде кең пайдаланатын тұтынушылар саны күннен күнге артып отыр.

Тауарды өндіру тәсілі (оны сақтау және тасымалдау шарттары): 

Алғашқыда қарапайым тәсілмен күніне небары 15-20 кг. кәмпиттің 2-3 түрін шығарса, қазіргі таңда күніне 500 кг. дейін кәмпиттің соломка, барбарис, жалбыз, маусым, бор, рокс, лимон, дюшес, апельсин, шие секілді 10-ға жуық түрін шығарады. Бұл аймақтағы тәтті кәмпит түрлерін дайындайтын автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын. Шығарылған әр кәмпиттің өз ерекшеліктері мен өз дәмдері бар. Солардың ішінде жергілікті жерден шипалы дәруменге бай, жұпар иісті, гүлді тұқымдасына жататын көпжылдық шөп жалбызда қосылып дайындалады. Климаты бойынша жазы аптап ыстық және қысы қатты аяз, шөлейтті жерде өсетін жалбыз шөбінің де қасиеті де, шипасы да, дертке дауа болады.