Географиялық нұсқама туралы куәлік - 17

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Мәртебесі

Жарамды

(111) Тіркеу №

17-1

ҚҚ түрі

Географиялық нұсқамаға куәлік

(210) Өтінім нөмірі

17-1

(220) Өтінім берілген күн

29.05.2024

(540) Сурет

(730) Иесі

Булекбаев Руслан Жаналыкович

(450) Бюллетень нөмірі мен күні

№ 33 - 16.08.2024

(181) Жарамдылық мерзімі

Тауар түрі

29.05.2034

сабын

Тауарды өндіру орнын (географиялық объектінің шекарасын)көрсету:

п. Айтеке би, Казалинский район, Кызылординская область

Тауар сипаттамасының шығарылған жерімен байланысы (өндіріс):

Ауданымыз шөлейтті жерде орналасқандықтан Қазалыда адыраспан көп өседі. Біздің қазақ адыраспанды «киелі өсімдік» деп біледі. Адыраспанның киесі, қасиеті – шипалығында. Адыраспан – улы өсімдік. Адыраспанның сабағы, жапырағы, тіпті оның түтінінде де шипа да бар. Сондықтан өнім өндіруші парфюмерліккосметикалық қоспаға қалампыр мен адыраспан пайдаланып, қазіргі таңда «Қазалы» атауымен хош иісті қол жуатын және ыдыс жуатын сұйық сабындарын 200 мл., 500 мл., 5 литрде өндіруде. Осы өндіріс орнында дайындалып жатқан сабын бағалары да тұрғындар үшін әлдеқайда қолжетімді. Ал сабын сұранысына келер болсақ, бүгінде Қазалының түкпір-түкпірінен және ауданнан тыс аймақтардан да кең көлемді тапсырыстар түсіп жатыр.

Тауардың сипаттамасы:

Әртүрлі маталарды, санитарлық-гигиеналық және өнеркәсіптік мақсаттарға жасалған бұйымдарды жууға арналған қатты кір сабынның негізгі ингердиенттеріне жануарлардың майы мен мал сүйегінің кемігі қолданылатын болса, ыдыс және қол Электронная подача жууға арналған сұйық сабынға қалампыр мен адыраспан пайдаланылады. Жалпы аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәтті тамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Сондай-ақ, климаты бойынша жазы аптап ыстық және қысы қатты аяз. Сондықтан, осындай жердің өсімдіктері мен климатына жерсінген жануарлардың төзімділігімен майды тез жинауымен ерекшеленеді. Бұл ірі қара малдары көлемі жағынан өте үлкен емес, кең төсті, дене бітімі жағынан жинақы, мықты сүйекті, бұлшық етті, кең денелі. Жергілікті жердің малдары жеке және шаруа қожалықтарының жазда жайылымда, қыста арнайы мал тұратын орындарда тұрады. Осы жергілікті малдарыдың іш майы өндіріс цехында дайындалатын шаруашылық қатты сабынның құрамындағы майлылығын ұстап тұратын болса, малдың сүйек кемігі сабынның мықты қатуына септігін тигізеді. Осы қоспалардың жиынтығымен «Қазалы» сауда маркасы бойынша 65%, 70%, 72% ассортиментпен (массасы 180 грамм, 200 грамм, 250 грамм) өндірілетін қатты кір сабын жағымды жеңіл иісімен жұмсақ болады және де экологиялық таза, күнделікті тұрмысқа қажетті табиғи өнім болып табылады.

Физика-химиялық көрсеткіштер:

Радионуклидтер
Цезий-137 нақты белсенділігі,БК / кг артық емес - 7,9

Стронций-90 нақты белсенділігі, БК / кг, артық емес — 21,3

Микотоксиндер 

Афлатоксин В1, мг / кг, артық емес - 0,003

Улы элементтер

Қорғасын, мг / кг, артық емес — 0,01

Мышьяк, мг / кг, артық емес — 0,05

Кадмий,мг / кг, артық емес — 0,01

Сынап,мг / кг, артық емес — 0,0025

Темір, мг / кг, артық емес — 0,1

Мыс, мг / кг, артық емес - табылған жоқ

Пестицидтер
ГХЦГ (α, β, γ-изомерлер), мг / кг, артық емес – 0,001

ДДТ және оның метаболиттері, мг / кг, артық емес - 0,001

Тағамдық май өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштері 

Бензин (а) пирен, мг/кг, аспайды - 0,0001

Тотығу зақымдану көрсеткіштері

Қышқыл саны, мгКОН / г — 0,50

Пероксид саны, мэкв / кг - 1,9

Тауарды өндіру тәсілі (оны сақтау және тасымалдау шарттары):

Шағын цехта бір күнде орта есеппен 1000 дана кір сабын шығарады. Сабын тек кір жуу үшін ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де өзіндік пайдасы зор. Бұл өнімге деген сұраныс өте жоғары. Кір сабын табиғи және экологиялық таза өнім. Шаруашылық сабын өсімдік майлары мен қолдану кезінде оның тұтынушылық қасиеттерін жақсартатын жоғары сапалы арнайы қоспалардан дайындалады. Сабын шығару және оны сату жыл мезгіліне қарамайды. Бұл әр үйде күнделікті қолданатын, тұрмыс-тіршілікке қажетті дүние болып табылады. Шаруашылық сабынның құрамы өте оңай. Шикізаттың барлығы қолжетімді. Арнайы Ресейден алынған станоктан шығарылатын өнімнің өзіндік құны халыққа қол жетімді бағада. Сабынның құны оның салмағына, яғни граммына байланысты. Бізде 100, 150, 200, 250, 300 граммдық сабындар бар. Бағасы халыққа тиімді, құрамы химиялық қоспасыз жергілікті өнім күніне 1000-ға дейін шығарылады. Сұраныс артқан кезде сабынның көлемі 2 мың данаға дейін ұлғаяды.