Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасы Патент заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес адамдарды немесе жануарларды емдеудің терапиялық және хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының көбеюіне), тәсілге (материалдық объектіге қатысты әрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады.
Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi. Мәлiмделген пайдалы модельдiң Қазақстан Республикасы Патент заңының 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-1-тармағына сәйкес патенттер мыналарға:
1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына;
2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне;
3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді.
Пайдалы модельге құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.
Пайдалы модельге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Пайдалы модельге патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
Пайдалы модельге патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.