Өтінімді өзгерту

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Пайдалы модельге берілген өтінімді өнертабысқа өзгерту тәртібі 

Қазақстан Республикасының Патент заңының 28 бабына 2-тармағына сәйкес өтiнiм берушi пайдалы модельге өтiнiмін өнертабысқа өзгертуіне құқылы.

Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.

Өтінім берушінің бұл құқығы Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жасау Қағидаларының (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығының 2 Қосымша) 106 тармағының талаптарына сай келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

- өтінімді өзгерту бойынша тиiстi өтiнiшхат сараптама ұйымының өтінімге сараптама жасау нәтижесінің шешімі шыққанға дейін берілуі тиіс;

- бір мезгілде өтінішхатпен қатар тиісті төлем құжаты және өтінім құжаттары – өтініш, сипаттама, формула, реферат, сызбалар (егер болса) берілуі тиіс.

Егерде өтінішхат талаптарға сәйкес рәсімделмеген болса, ол туралы өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.

Өзгерілуі болмаған өтінім пайдалы модельге өтінім болып қалады.

Қай жағдайларда өтінімді өзгерту іске асырылмайды:

- егер патент беру туралы шешім шыққаннан кейін өтінішхат түскен кезде (өтінім берушіге өтінімді қайта өзгерту мүмкін еместігі туралы хабарлама өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі);

- егер пайдалы модельге берілген өтінім қайтарылған немесе қайтарылған болып есептелетін өтінімдерге өзгерту жүргізілмейді.

Егер өтінішхат қайтарылған деп саналатын өтінім бойынша келіп түссе, және өтінішхатпен бірге өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берілсе, соңғысы Заңның 23-бабының 2–тармағына сәйкес қаралады.

Өтінім берушіден өнертабысқа өтінімді пайдалы модельге қайта өзгерту туралы өтінішхат оған алдында өзгерту жүргізілгені туралы хабарлама жіберілгеннен кейін түскен жағдайда, өтінім берушіге осындай өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгертуді жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушінің оның өзгерту туралы өтінішхатын берілмеген деп санау туралы, оған пайдалы модельге өтінімді өнертабысқа патент беруге өзгерту жүзеге асырылғаны туралы хабарлама жіберілгеннен кейін түскен өтініші өтінімді қайта өзгерту үшін негіз болмайды.

Өтінімді өзгертуге қатысты төлемдер

«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Бағасы (ҚҚС-н есепке ала отырып, теңгеде)

заңды тұлғалар үшін

шағын және орта бизнес субъектілері үшін

жеке тұлғалар үшін

Бұйрықтың 2 қосымшасындағы 1.1), 3.1) сәйкес тармақтарындағы  жеңілдік берілген тұлғалар үшін

1

Өнертабысқа және/немесе пайдалы модельге өтінімді қайта өзгерту

8 730,40

6984,32

2618,56

440,00