Өтінім және оған қоса берілген құжаттар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Пайдалы модельге  патент беру өтінімі келесідей құжаттарды қамтуы керек:

1) пайдалы модель авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған тұлғалар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;

2) тиiстi салада біліктілікке ие маманның пайдалы модельді жүзеге асыруына жеткiлiктi деңгейде сипатталған өнертабыс сипаттамасы;

3) пайдалы модель объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн пайдалы модель формуласы. Формула анық, нақты болуы және сипаттамаға негiзделуі тиiс;

4) сызбалар;

5) реферат;

6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат.

Пайдалы модель өтiнiмімен бірге:

1) өтiнiм беру ақысы бекітілген мөлшерде төленгенiн;

2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін (ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 23 желтоқсан 2020 жылғы №254-нқ бұйрығы 2-ші қосымшасының  1.1 және 3.1 тармақшаларына сәйкес жеңілдікке ие тұлғалар санатына жататын өтінім берушілерге) растайтын құжаттар қоса беріледі.

Пайдалы модельге өтінімге қоса берілетін төлем құжаттары өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады.

Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жыл 29 тамыздағы № 1349 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz бұйрығының 2-ші қосымшасына сәйкес рәсімделеді.