"Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру" мемлекеттік қызметі

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің  "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) патент беру туралы шешімі негізінде және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды патент беруге дайындау және жариялау қызметі үшін төлем жасалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда өнеркәсіптік меншік объектісі бойынша мәліметтер Өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.       

1) Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында 1-қосымшаға сәйкес "Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі

Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Өтінішке мыналар қоса беріледі:

2) Егер Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

3) егер қызмет алушы Қазақстан Республикасының Патент Заңының 26-бабының 1- тармағында көзделген мерзімдерден бұрын мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш білдірсе, мерзімінен бұрын жариялау туралы қолдаухаттың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш келіп түскен күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017415

Қолданба сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.

 - Пайдалы модельге патенттің телнұсқасын беру

Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:

1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш

2) егер Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе, сенімхаттың электрондық көшірмесі.

Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш келіп түскен күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017415

Қолданба сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.