Кезеңдер

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінім бойынша Қазақстан Республикасының Патент заңының 23-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес өтінімге сараптама жүргізіледі, оның барысында қажеттi құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi, пайдалы модельдің басымдық күнi, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледі. Мәлiмделген пайдалы модельдiң патент қабiлеттiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.

Өтінімнің құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жоқ құжаттарды ұсыну ұсынысы бар сұрау салу жіберіледі.

Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешіміне ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.

Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, сараптама ұйымы пайдалы модельге патент беру туралы шешім қабылдайды. Сараптама ұйымының патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.

"ҰЗМИ" РМК өтінім берушіге қабылданған шешім туралы және патент беруге және жариялауға дайындағаны үшін тиісті төлемді растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

Өтінім беруші жариялау мақсатында қажетті құжаттарды, ал қажет болған жағдайда мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішті ұсынғаннан кейін «ҰЗМИ» РМК Пайдалы модельдердың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізеді, патент беру туралы ақпаратты электрондық бюллетеньде жариялайды.