Ұлттық зияткерлік меншік институты
Патентті күшінде сақтау
Пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімі патент иеленушінің пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімін (бұдан әрі - өтінішхат) үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішхаты бойынша ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші патент берілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде патент иеленушіге осы қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорғау құжатын күшінде ұстау үшін ақы төленгені туралы хабарлама жібереді.
Пайдалы модельге патенттің әрекет еті мерзімін ұзарту жөнінде өтініш беру және іс жүргізу үшін патент иесі патенттік сенім білдірілген өкілге немесе өзге өкілге сенімхат бере отырып, оған өкілеттік бере алады.
Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.
Өтінішхатқа патент иеленуші (егер патент иеленуші тұлғалар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.
Өтінішхатқа қоса беріледі:
1) пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімін ұзартқаны және ұзарту туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялағаны үшін ақы төленгенін растайтын құжат;
2) сенімхат (егер өтінішті өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (Егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл берсе).
Өтінішхат және оған қоса берілетін құжаттар тікелей көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады, пошта арқылы немесе кәсіпорынның электрондық мекенжайына жіберіледі.
Өтінішхат және қоса беріліп отырған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінішхат беру шарттары сақталған жағдайда пайдалы модельге патенттің әрекет етуі өтінішхатта көрсетілген, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Пайдалы модельге патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және бюллетеньдің таяудағы шығарылымында жарияланады.
Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы тиісті хабарлама Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің атына жіберіледі.
Осы Қағидалардың 51, 53-тармақтарына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш беруші сұрау салу жіберілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттарды ұсынуы қажет. Тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда патенттің қолданысы ұзартылмайды, бұл туралы өтінішхат берген адамға хабарланады.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының (bis) 5-бабының (1) тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен кейін өтініш, төлем берілген жағдайда, өнеркәсіптік меншік құқықтарын сақтау үшін көзделген баждарды төлеу үшін қосымша баж төленген жағдайда, мерзім өткен күннен бастап алты айды құрайтын жеңілдікті мерзім беріледі. Бұл ретте төлем мөлшері белгіленген бағаларға сәйкес 50 пайызға артады.
Пайдалы модель патенттің әрекет ету мерзімін қалпына келтіру
Қазақстан Республикасы патенттік Заңының 30 - бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша тоқтатылған патенттің қолданылуы патентті күшінде ұстағаны үшін төлем мерзімі өткен күннен бастап үш жыл ішінде патент иеленушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.
Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданысын қалпына келтіруге құжаттарды дайындағаны үшін және оны төлеу мерзімі өткізіп алынған қолданыс кезеңі үшін күшінде ұстағаны үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
Сараптама жасау ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей патенттің әрекет етуін қалпына келтіру туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды. Жарияланған күні патенттің қолданысын қалпына келтіру күні болып табылады.
Пайдалы модельге патентті күшінде ұстау Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі: