Патенттік-ақпараттық іздеу бойынша қызмет көрсету

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Патенттік-ақпараттық іздеу бойынша қызмет көрсету

"ҰЗМИ" РМК өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігіне (қорғауға қабілеттілігіне) алдын ала талдау, әртүрлі іздеу түрлерін, соның ішінде тақырыптық, фирмалық және нөмірленген іздеулер, ұқсас патенттерді іздеу, Халықаралық патенттік жіктеме бойынша іздестіру жүргізеді, сондай-ақ өнертабыстың, пайдалы модельдің тіркелген объектісі бойынша мәліметтерге салыстырмалы талдау жүргізеді.

Патенттік іздеу өнертабыстың бірегейлігі дәрежесін тексеруге, оның қолданылу саласын, оның ішінде зерттелетін, сондай-ақ байланысты және басқа салаларды анықтауға, аналогтардың болуын анықтауға, атына патенттер берілген тұлғалар және өз қызметінде ұқсас өнертабыстарды пайдаланатын тұлғалар туралы ақпарат алуға, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне үшінші тұлғалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, патенттік іздеу қызығушылық тудыратын саладағы зерттеулердің жалпы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Іздеу нәтижелерін талдау болжам жасауға, өнертабыстың және оның аналогтарының және тұтастай алғанда саланың болашақ даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді.

Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді қорғау саласындағы ҰЗМИ РМК іске асыратын қызметтердің тізбесінде іздестірудің мынадай түрлері көзделген:

 

Қызметтің атауы

Қызмет құны

1

ҰЗМИ және ЕАПҰ патенттік ақпарат деректер қорларында 3 МПК тобына дейін  (әрбір кейінгі 10-кіші тобы МПК-ның қосымша тобы болып саналады) 20 жұмыс күні ішінде тақырыптық патенттік іздеуді жүргізу

48 725,60

 

МПК 3 топтан астам әрбір тобы үшін қосымша 20 жұмыс күні ішінде (10 күн ішінде 2-коэффициенті қолданады)

23 400,00

2

Патенттік құжаттаманы іздестіру

 

 

нөмірі бойынша (1құжат үшін)

750,40

 

атаулық (фирмалық)  (1жыл/ 1 ДБ / 1 ел/ 1 атау)

1 115,52

 

патент-аналогтарға іздестіруді жүргізу

17 465,28

3

тіркелген бір өнеркәсіптік меншік объектісінің мәліметтері бойынша (өнертабыс, пайдалы модель) салыстырмалы талдауды 20 жұмыс күні ішінде жүргізу

326 201,12

 

өнеркәсіптік меншіктің  әрбір қосымша объектісіне (өнертабысқа, пайдалы модельге) қатысты 20 жұмыс күні ішінде жүргізу                   

94096,80


Іздеу ұлттық деректер базасында және ЕАПҰ деректер базасында жүргізіледі. 

Қызметтің атауы Қызмет құны
10 жұмыс күні ішінде ХПЖ 3 тобына дейін(әрбір келесі 10 кіші топ ХПЖ қосымша тобы үшін есептеледі) ҰЗМИ және ЕАПВ патенттік ақпарат дерекқорлары бойынша өнертабыс, пайдалы модельдер бойынша тақырыптық патенттік іздеуді жүргізу
97 451,2 
10 күн ішінде ХПЖ 3-тен астам тобының әрбір тобы үшін қосымша
46 800


Қызметтің атауы
Қызмет құны
20 күн ішінде техника деңгейін және патентке қабілеттілігін анықтау үшін мәлімделген пайдалы модельге қатысты ақпараттық іздеу жүргізу
53570,00
1 объекттен жоғары әрбір объект үшін қосымша
26 785,92
10 күн ішінде техника деңгейін және патентке қабілеттілігін анықтау үшін мәлімделген пайдалы модельге қатысты ақпараттық іздеу жүргізу
107 140


Қызметтің атауы
Қызмет құны
10 жұмыс күні ішінде тіркелген бір өнертабыс объектісі, пайдалы модель бойынша мәліметтерге салыстырмалы талдау жүргізу
652 402,24
өнертабыстың әрбір қосымша объектісіне, пайдалы модельге қатысты 10 жұмыс күні ішінде
188 193,6