Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.
Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-1-тармағына сәйкес патенттер мыналарға:
1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына;
2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне;
3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді.
Өнертабысқа құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.
Өнертабысқа патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Өнертабысқа патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.