Ұлттық зияткерлік меншік институты
Өнертабысқа патент беру өтінімі келесідей құжаттарды қамтуы керек:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған тұлғалар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;
2) тиiстi салада біліктілікке ие маманның өнертабысты жүзеге асыруына жеткiлiктi деңгейде сипатталған өнертабыс сипаттамасы;
3) өнертабыс объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыс формуласы. Формула анық, нақты болуы және сипаттамаға негiзделуі тиiс;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат.
Өнертабыс өтiнiмімен бірге:
1) формальды сараптама жүргiзгені үшін ақы төлеуді қоса алғанда, өтiнiм беруге ақы төленгенiн;
2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін (ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 23 желтоқсан 2020 жылғы №254-нқ бұйрығы 2-ші қосымшасының 1.1 және 3.1 тармақшаларына сәйкес жеңілдікке ие тұлғалар санатына жататын өтінім берушілерге) растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өнертабысқа өтінімге қоса берілетін төлем құжаттары өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады.
Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзiм екi айға ұзартылады.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жыл 29 тамыздағы № 1349 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz бұйрығының 2-ші қосымшасына сәйкес рәсімделеді.