Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) патент беру туралы шешімінің негізінде және өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушінің патент беруге және жариялауға құжаттарды дайындау жөніндегі қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынған кезде Қазақстан Республикасының өнертабыстарының мемлекеттік тізілімдеріне Өнеркәсіптік меншік объектісі бойынша мәліметтер енгізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы жолдайды::
1) 1-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. Өтініш және оған қоса берілген құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Өтінішке қоса беріледі:
2) егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
3) егер көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасы патенттік Заңының 26-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерден бұрын жүгінсе, мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішхаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш келіп түскен күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415
Өтінімді жіберуге сілтеме: https://newcab.kazpatent.kz/
- Өнертабысқа патенттің телнұсқасын беру
Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе, сенімхаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш келіп түскен күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415
Өтінімді жіберуге сілтеме: https://newcab.kazpatent.kz/.