Мемлекеттік тізілімге өзгерістерді енгізу

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 15-20 тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге патенттің берген соң оны құқықтық мәртебесіне қатысты келесі өзгерістері туралы апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешімдерімен, уәкілетті органның немесе сараптама жасау ұйымының хабарламаларымен және патент иеленушілердің (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) мәліметтерді:

1) Мемлекеттік тізілімнің жазбаларындағы қателерді түзету туралы;

2) тіркелген құқық беру туралы, тіркелген құқықты ұсыну туралы;

3) тіркелген құқықты беруге, тіркелген құқықты ұсынуға қатысты келесі өзгерістер туралы;

4) патентті толық немесе ішінара жарамсыз деп тануға байланысты оның күшін жою туралы;

5) патент иеленушінің өтініші бойынша патенттің қолданылуын тоқтату туралы;

6) белгіленген мерзімде төлем жүргізілмеген кезде патенттің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

7) патент иеленушінің атауына және оның мекенжайына өзгерістер енгізу туралы;

8) патент иеленуші өкілінің өзгеруі туралы;

9) хат алмасу үшін мекенжайдың өзгеруі туралы өтінішхаттары негізінде енгізеді.

Өзгерістер патент иеленушінің немесе оның сенімхат бойынша әрекет ететін өкілінің сараптама жасау ұйымына тиісті өзгерістерді енгізу туралы өтінішхатты беруі арқылы енгізіледі.

 Өтінішхат қазақ немесе орыс тілінде беріледі.

Өтінішхатқа патент иеленуші немесе сенімхат бойынша әрекет ететін өкіл қол қояды (егер патент иеленушілер бірнеше адамдар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды).

Өтінішхатқа мыналар қоса беріледі:

1) тиісті өзгерісті растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) өзгерістерді енгізу үшін төлемді растайтын құжат;

3) сенімхат (егер өтінішхатты өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхатты патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы беретін болса).

Өтінішхат және оған қоса берілетін құжаттар олардың сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Патент иеленушінің (патент иеленушілердің) атауына заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға байланысты өзгерістер енгізген кезде құқық мирасқоры өтінішхат береді және тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар ұсынылады.

Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде енгізіледі. Қорғау құжатында көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару авторлар құрамының өзгеруі деп танылады.

Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде еркін нысанда авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтінішхат беру арқылы енгізіледі, онда қорғау құжатының нөмірі, енгізілетін немесе шығарылатын автордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), тұратын жерінің мекенжайы, көрсетіледі.

Өтініш хатқа мыналар қоса беріледі:

1) сот шешімінің көшірмесі;

2) өзгерістерді енгізу үшін төлемді растайтын құжат;

3) сенімхат (егер өтінішхатты өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхатты патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы беретін болса).

Өтінішхат және оған қоса берілетін құжаттар олардың сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда өтініш беруші сараптама ұйымынан сұраныс түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құжаттарды ұсынуы тиіс. Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда тиісті өзгерістер енгізілмейді, ол туралы өтінішхат берген тұлғаға хабардар етіледі.

Өзгерістер енгізілген жағдайда тиісті мәліметтер Мемлекеттік тізілімге енгізіледі, бюллетеньде жарияланады (патент иеленушінің мекенжайы, хат алмасу үшін мекенжайдың және өкілдің өзгеруінен басқа), патент иеленушінің атына хабарлама жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17415 болып тіркелді. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415