Әрекет ету мерзімін ұзарту

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын және атауын пайдалану құқығын тіркеудің және пайдаланудың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

Тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын және (немесе) атауын пайдалану құқығын тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес географиялық нұсқаманы және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеудің қолданылу мерзімі оған қатысты географиялық нұсқаманы пайдалану құқығы және (немесе) тауар шығарылған жердің атауы тіркелген иесінің оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген өтінішхаты бойынша әр жолы он жылға ұзартылады.

Өтінішхат көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес тауардың шығарылған жерінің географиялық нұсқамасы және (немесе) атауын пайдалану құқығын тіркеу мерзімі қолданылған соңғы жыл ішінде беріледі.

Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.

Географиялық нұсқаманы және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органның қорытындысымен бір мезгілде ұсынылады.

 Өтінішхатқа сенімхат негізінде әрекет ететін құқық иесі немесе өкіл қол қояды.

Өтінішхатқа қоса беріледі:

1) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартқаны және ұзарту туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялағаны үшін ақы төленгенін растайтын құжат;

2) Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес (тауар шығарылған жердің атауына қатысты) жергілікті атқарушы органның қорытындысы;

3) сенімхат (егер өтінішті өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмелері (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл берсе).

Өтінішхат және оған қоса берілетін құжаттар тікелей көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады, пошта арқылы немесе кәсіпорынның электрондық мекенжайына жіберіледі.

Өтінішхат және қоса берілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

Осы Қағидалардың 58, 59-тармақтарына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш беруші сұраухатты жіберген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттарды ұсынуы қажет. Тиісті құжаттар ұсынылмаған кезде тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі ұзартылмайды, бұл туралы өтінішхат берген тұлғаның мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі.

ГН және ТШЖҚ ұзарту үшін өткізіп алған төлем мерзімін қалпына келтіру

Заңның 34-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген өтінішхатты беру мерзімі тіркеудің қолданылу мерзімі өткеннен кейін алты ай ішінде иесінің берген өтініші бойынша қайта басталады.

Бұл ретте өткізіп алған төлем мерзімін қалпына келтіргені үшін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүргізеді.

Географиялық нұсқаманы және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, тиісті жазбалар географиялық нұсқаулардың мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы тауарлары шығарылған жердің атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, бюллетеньде жарияланады және иесінің/өкілінің атына Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес географиялық нұсқаманы және (немесе) тауар шығарылған жердің пайдалану құқығын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы тиісті хабарламаны электрондық нысанда жіберіледі. 

"ГН және ТШЖҚ қолданылу мерзімін ұзарту және ГН және ТШЖҚ ұзарту үшін өткізіп алған төлем мерзімін қалпына келтіру" Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ҰЗМИ» РМК іске асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы.