Ұлттық зияткерлік меншік институты
Географиялық нұсқаманы тіркеуге және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге өтінім материалдарына сараптама өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде жүргізіледі, сараптама барысында оның «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жердің атаулары» Заңының 26, 27 және 29 баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.=
Сараптама кезінде келесі тексеріледі:
1. Тауардың ерекше сапаларының сипаттамасының Қазақстан Республикасының Географиялық Нұсқамалар Мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге сәйкестігі, егер мәлімделген белгі бұрыннан географиялық нұсқама ретінде тіркелген болса;
2. өтiнiм берілген күнге атауы географиялық нұсқама ретiнде мәлімделген географиялық объектiнiң болуы талап етіледі;
3. мәлімделген белгінің географиялық объектінің қазіргі ресми атауына немесе оның тарихи ресми атауына сәйкестігі;
4. өтінімде шекарасы нақты көрсетілген аумақтың атауы географиялық нұсқама ретінде мәлімделген географиялық объектінің орналасқан жерін растайтын мәліметтердің болуы;
Жергілікті атқарушы органның қорытындысының мазмұнын тексеру келесі растайтын мәліметтердің болуын белгілеуден тұрады:
1. өтiнiм берушiнiң атауы географиялық нұсқама ретiнде мәлімделген елдi мекенде болуы;
2. өтiнiм берушiнiң өтiнiмде көрсетiлген тауарларды атауы географиялық нұсқама ретінде мәлімделген елдi мекеннiң аумағында өндiруi;
3. өтiнiм берушi өндiрген тауарлардың өтiнiмде көрсетiлген географиялық объектiге тән ерекше, табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын ерекше сапаларының, беделiнiң немесе өзге де сипаттамаларының болуы.
Сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады:
1) географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы;
географиялық нұсқаманы тіркеуден және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы;
Өтінім берушіге «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағында көзделген шешім туралы хабарлама жіберіледі.
Өтiнiм берушi оған тiркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысы жiберілген күннен бастап үш ай iшiнде дәлелдi қарсылық беруге құқылы, сараптама ұйымы қарсылық түскен күннен бастап үш ай iшiнде қарастыру нәтижелерi бойынша соңғы қорытынды шығарады.
Соңғы қорытынды негізінде сараптама ұйымы «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның 31-бабының 1-тармағы бойынша шешім қабылдайды.