Ұлттық зияткерлік меншік институты
Географиялық нұсқамаға және/немесе географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге өтінім (әрі қарай – өтінім) сараптама жасау ұйымына беріледі.
Өтінім бір географиялық нұсқамаға қатысты болуы және стандартты нысанда берілуі және төмендегілерді қамтуы тиіс:
Өтінім сараптама ұйымына келесіге беріледі:
географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру (әрі қарай– географиялық нұсқамаға өтінім);
тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру (әрі қарай – тауар шығарылған жердің атауына өтінім).
Географиялық нұсқаманың өтінімі бір географиялық нұсқамаға қатысты болуы тиіс.
Тауар шығарылған жердің атауының өтінімі тауардың бір шығарылған жеріне қатысты болуы тиіс.
Географиялық нұсқамаға өтінім стандартты нысанда берілуі және келесілерді қамтуы тиіс:
1) өтініш берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеуге және (немесе) осындай географиялық нұсқамаға құқық беру туралы өтініш;
2) мәлімделген белгі;
3) мемлекеттік тіркеу сұралатын тауар түріне қатысты географиялық нұсқама;
4) тауардың шығарылған (өндірілген) жерін және (географиялық объектінің шекарасын) көрсету;
5) тауар сипаттамаларының оның шығарылған (өндірілген) орнымен арақатынасы туралы мәліметтер;
6) тауар сапасының, беделінің және (немесе) өзге де сипаттамаларының (оны өндіруге пайдаланылатын бастапқы материалдың, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда) оның географиялық шығу тегімен айтарлықтай дәрежеде айқындалатын сипаттамасы;
7) тауарды өндіру тәсілінің сипаттамасы, сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау шарттары туралы мәліметтер, егер ол тауар сипаттамаларының қалыптасуына және сақталуына елеулі әсер ететін болса;
8) тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын мәліметтер, егер ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса.
Егер атауы географиялық нұсқама ретiнде мәлімделген географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса, өтiнiмге осы географиялық объектiнiң шекарасында өтініш беруші тауардың ерекше қасиеттерін қалыптастыруға елеулі әсер ететін тауарларды өндіру кезеңдерінің кем дегенде біреуін жүзеге асырады деген жергiлiктi атқарушы органның қорытындысы қоса берiледi. Осымен қатар өтінімге, мәлімделген тауардың белгілі бір сапасы, беделі және (немесе) өзге де сипаттамалары оның географиялық шығу тегімен анықталатынын растайтын құжатпен немесе құжаттармен қоса беріледі.
Тауар шығарылған жердің атауына өтінім типтік бланкіде берілуі және осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасын және басқа да географиялық аймақтың табиғи жағдайларымен және (немесе) географиялық объектіге тән адами факторлармен айтарлықтай дәрежеде анықталатын сипаттамаларын (оны өндіруге пайдаланылатын шикізатты, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда) қамтуы тиіс.
Егер тауардың өндірілу орнымен аталатын географиялық объект Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан болса, онда ұсынылған тауарды өтінім беруші географиялық объект шеңберінде өндіреді деген жергілікті атқарушы органның шешімі өтінімге қоса беріледі. Сонымен қатар, ұсынылған тауардың ерекше қасиеттері шекті немесе басты түрде осы географиялық объектіге тән табиғи және адами факторлармен анықталатыны туралы құжат немесе құжаттар өтініммен қоса беріледі.
Бұрын тіркелген географиялық нұсқамаларға құқық беру туралы өтінімге және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тауар шығарылған жердің атаулары өтініміне өтінім беруші тауарды географиялық объект шеңберінде өндіреді деген жергілікті атқарушы органның шешімі, сондай-ақ, ұсынылған тауар жататын тиісті саладағы уәкілетті органмен берілген географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жердің атаулары мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауардың сипаттамасы мен ерекше қасиеттері бар екендігін растайтын құжат өтінімге қоса беріледі.
Географиялық нұсқамаға, тауар шығарылған жердің атауы өтінімдеріне сараптама ұйымының сараптама жүргізу қызметі төлемін растайтын құжаттар қоса беріледі. Сенімді өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда, сенімхат көшірмесі қоса беріледі.
Географиялық нұсқама өтінімі, тауар шығарылған жердің атауы өтінімі және оларға қоса берілген құжаттар қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады. Егер құжаттар басқа тілде тапсырылса, өтінім беруші өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын тапсыруға міндетті.