Мемлекеттік тізілімге өзгерістерді енгізу

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу

Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік тізілімге уәкілетті органның, апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешімдері және иелерінің (құқық иеленушілерінің) (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) өтініштері негізінде географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын тіркеу бойынша кейінгі өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді енгізеді:

1) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) жарамсыз тауар шығарылған жердің атауын тіркеу туралы;

2) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданылу мерзімін тоқтату туралы;

3) иеленушінің (құқық иеленушінің) бастамасы бойынша географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы;

4) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы;

5) иесінің қайта ұйымдастырылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты оның атауының өзгеруі туралы және/немесе оның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі туралы;

6) иесінің (құқық иеленушінің) тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) өзгерту туралы және/немесе тұрғылықты жерінің мекенжайын өзгерту туралы;

7) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) өкілін өзгерту туралы;

8) хат алмасу үшін мекенжайды өзгерту туралы;

9) айқын және техникалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы.

 Өзгерістер тіркеу нөмірін, заңды тұлғаның ресми атауын, тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайын, жеке тұлғаның тұрғылықты жерін, сондай-ақ өзгерістер енгізгені үшін тиісті төлемді көрсете отырып, тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін нысанда өтінішхат беру жолымен енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша болған әкімшілік - аумақтық бірліктер атауларының, қалалардың, облыстардың, аудандардың атауларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша болған елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының өзгерістері өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Өтінішхатқа иеленуші (құқық иеленуші) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.

Өтінішхатта көрсетілген, бір құқық иеленушіге тиесілі бірнеше тауар белгілері болған кезде, осы өзгерістер бір типті болып есептеледі және мұндай жағдайда ақы төлеу әрбір кейінгі тауар белгісі үшін бір үлгідегі өзгерістер енгізу ретінде жүргізіледі.

 Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Өтінішхатқа иеселенуші (құқық иеленуші) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл қол қояды.

Өтінішкхатқа:

1) тиісті өзгерісті растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) өзгерістер енгізгені үшін төлемді растайтын құжат;

3) сенімхат (егер өтінішті өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл берсе) қоса беріледі.

Өтінішхатқа және қоса берілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш беруші сұраухатты жіберген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттарды ұсынуы қажет. Тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы өтінішхат берген тұлғаның мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі.

Өзгерістер енгізілген кезде тиісті жазбалар Қазақстан Республикасы географиялық нұсқамалардың және (немесе) тауарлары шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, бюллетеньде жарияланады және өтініш берушінің атына осы Қағидалардың 16, 17, 18-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда тиісті өзгерістер енгізу туралы хабарлама жіберіледі.

Тіркеуге қатысты өзгерістер, хат-хабар алмасу мекенжайын және өкілді өзгертуден басқа, бюллетеньде жарияланады.

Ұлттық тіркеуді халықаралық тіркеуге ауыстыру және тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге берілген тиісті төлем туралы иесінің өтініші бойынша тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі ішінде ұлттық тіркеу халықаралық тіркеуге ауыстырылады. Ұлттық тіркеу ауыстырылғаннан кейін жойылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ҰЗМИ» РМК іске асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы.