Ұлттық зияткерлік меншік институты
Көрсетілетін қызметті берушінің географиялық көрсеткішті тіркеу және (немесе) географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын беру туралы шешімі негізінде және көрсетілетін қызметті берушінің географиялық көрсеткішті және (немесе) географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын тіркеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің географиялық көрсеткішті тіркеу және (немесе) географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын беру туралы географиялық көрсеткіштер Географиялық көрсеткіштердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы жолдайды:
1) Ережеледің 9-қосымшасына сәйкес электрондық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат формасы бойынша «Тауарлардың географиялық көрсеткішін пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш. Өтінім және оған ілеспе құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырылуы тиіс.
Төлем Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген банктік деректемелерді пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті берушінің newcab.kazpatent.kz ақпараттық жүйесімен интеграцияланған екінші деңгейдегі банктің төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз әдіспен жүзеге асырылады.
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілген жағдайда).
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету ұзақтығы: 10 (он) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017414
Өтінім беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.
Мемлекеттік мекемеге анықтаманың телнұсқасын беру.
Мемлекеттік мекемеге куәліктің телнұсқасын беру кезінде:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғаның (меншік иесінің) өтініші;
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілген жағдайда).
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017329
Өтінім беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.