Ұлттық зияткерлік меншік институты
Тауар белгісін тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі
Тауар белгісін тіркеу өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
Тауар белгісін, ұжымдық тауар белгісін тіркеудің қолданылу мерзімі құқық иеленушінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты бойынша Заңның 15 – бабының 2-тармағына және 18-1-бабының 5-тармағына сәйкес тауар белгісін, ұжымдық тауар белгісін (бұдан әрі-өтінішхат) тіркеу келесі он жылға ұзартылады.
Өтінішхат көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар белгісіне, ұжымдық тауар белгісіне тіркеудің қолданылу мерзімінің соңғы жылы ішінде беріледі.
Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.
Өтінішхатқа сенімхат негізінде әрекет ететін меншік иесі (құқық иесі) немесе өкіл қол қояды.
Өтінішхатқа қоса беріледі:
1. тауар белгісін тіркеудің әрекет еті мерзімін ұзарту үшін төленгенін растайтын құжат;
2. сенімхат (егер өтінішті өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмелері (егер өтінішті патенттік сенім білдірілген өкіл берсе).
Өтінішхат және оған қоса берілетін құжаттар тікелей сараптама жасау ұйымына ұсынылады, пошта арқылы немесе кәсіпорынның электрондық мекенжайына жіберіледі.
Өтінішхат және қоса беріліп отырған құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Осы Қағидалардың 49, 50-тармақтарына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей талап етілетін құжаттарды ұсынады.
Тиісті құжаттар ұсынылмаған кезде тауар белгісін, ұжымдық тауар бегісін тіркеудің әрекет еті мерзімі ұзартылмайды, бұл туралы өтінішхат берген адамға хабарланады.
Тауар белгісін тіркеуді ұзартқаны үшін өткізіп алған төлем мерзімін қалпына келтіру
Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес өтінішхат беру мерзімі тіркеудің қолданылу мерзімі өткеннен кейін алты ай ішінде берілген иесінің өтініші бойынша қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл ретте өтінім берушінің өткізіп алған төлем мерзімін қалпына келтіргені үшін сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуді жүргізу қажет.
Тауар белгісін, ұжымдық тауар белгісін тіркеу мерзімі ұзартылған жағдайда бюллетеньде жарияланған Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізіледі және осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес тауар белгісінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы тиісті хабарлама жіберіледі, осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес электрондық пошта иесіне жіберіледі.
"Тауар белгісін тіркеуді ұзарту және тауар белгісін тіркеуді ұзарту үшін өткізіп алған төлем мерзімін қалпына келтіру" Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі: