Тауар белгілерін халықаралық тіркеу

Ұлттық зияткерлік меншік институты

 

Тауар белгілерін халықаралық тіркеу туралы 1989 жылғы 27 маусымдағы Мадрид келісіміне Хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) сәйкес жүзеге асырылады. Хаттамада шыққан жер ведомствосына (Қазақстан Республикасында - «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) (бұдан әрі  - ҰЗМИ) Хаттамаға қол қойған елдер және/немесе халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - елдер) сілтемені қамтитын халықаралық өтінім беру көзделеді.  Мүшелердің актуальді тізімі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының  (бұдан әрі — ДЗМҰ)  сайтында www.wipo.int/madrid/ru/members/ орналасқан. Халықаралық тіркеуден ойдағыдай өткен соң тауар белгісі халықаралық өтінімде көрсетілген елдерде өтінім осы елдердің ведомстволарына тікелей берілгендей тіркелген болып танылады.

Халықаралық тіркеудің артықшылықтары, жоғарыда көрсетілгеннен (бірыңғай өтінім) басқа мыналар болып табылады:

•      бажды бірыңғай валютада төлеу (швейцар франкісі);

•      халықаралық тіркеуді орталықтандырып басқару (аталған елдерде патенттік сенім білдірілген өкілдердің көмегінсіз ДЗМҰ Халықаралық бюросына өзгерістерді енгізу, тіркеудің қолдану мерзімін ұзарту және т.б. туралы бірыңғай өтінішхат беру);

•      кейін тауар белгісін қорғау аймағын кеңейту мүмкіндігі (халықаралық өтінімде бастапқыда енгізілмеген елдерді көрсету).

Халықаралық өтінім беруге ниет білдірген тұлға:

1) шыққан ел ведомствосымен байланыста болуы тиіс. Байланыс азаматтығының не тұрақты тұратын жері, не осы елде шынайы және жалған емес өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны болуын білдіреді; және

2) шығу тегі ведомствосында тауар белгісіне ұлттық өтінімі (Қазақстан Республикасында бұл формальдық сараптама аяқталған және қарауға қабылдау туралы шешім шығарылған өтінім болуы тиіс) не тауар белгісіне тіркеу болуы сонымен бірге бұл белгі болашақ халықаралық өтінім бойынша белгіге ұқсас болуы тиіс.

Халықаралық өтінімді өтінім беруші ағылшын не француз тілінде  ДЗМҰ ММ2 ресми бланкісінде (ДЗМҰ бланкілеріне сілтеме http://www.wipo.int/madrid/en/forms/) ресімделеді және Хаттаманың 3-бабының және Мадрид келісіміне және Хаттамасына жалпы нұсқаулықтың 9 Қағидасының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қойылып отырған талаптардың бастысы халықаралық өтінімде қамтылатын мәліметтер негізге алынып отырған ұлттық өтінімге не тіркеу мәліметтеріне ұқсас болуы.  

Халықаралық өтінімді беруге дайындау кезінде ДЗМҰ сайтында орналасқан мынадай құралдарды пайдалану ұсынылады:

•       «Белгілерді халықаралық тіркеу - International Registration of Marks – Fee calculation (http://www.wipo.int/madrid/en/fees/calculator.jsp) баждарды есептеу, бұл осы немесе өзге де ел үшін халықаралық тіркеу рәсімінің қол жетімділігін, сондай-ақ халықаралық өтінімді берген үшін төлеуге жататын халықаралық баж көлемін анықтауға көмектеседі;

•       «Өтінімнің ДЗМҰ ММ2 ресми бланкісін толтыру жөніндегі түсіндірулерді»

•       «Мадрил тауарлар мен қызметтер менеджерін» Madrid Goods & Services Manager (https://webaccess.wipo.int/mgs/). «Менеджер» тауарлар мен қызметтер тізілімін халықаралық өтінім тіліне аударуға және кейбір жағдайларда көрсетілген елдерде тұжырымдардың болуын анықтауға мүмкіндік береді  (егер өтінімдегі терминдер «Менеджерге енгізілген болса»).

Халықаралық өтінім ҰЗМИге беріледі.  ҰЗМИ шығу тегі ведомствосы ретінде өтінімге қосымша формальды талаптар қояды. Оларға сәйкес патенттік органға  халықаралық өтініммен бірге мыналар беріледі:

•      халықаралық өтінімді ресімдеу немесе тексеру және оны Халықаралық бюроға жіберу туралы өтінішхат;

•      ұлттық патенттік бажды бекітілген көлемде төлеуді растайтын құжат  http://qazpatent.kz/ru/tarify;

•      халықаралық патенттік бажды бекітілген көлемде төлеуді растайтын құжат

•      патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттерін куәландыратын құжат (егер халықаралық өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілсе) 

•      халықаралық өтінім бланкісінде орналастырылған данаға қосымша тіркеуге берілген белгінің 8 х 8 см форматындағы екі данасы; 

•      қажет болса, өзге де құжаттар, атап айтқанда халықаралық тауар белгісін пайдалану ниеті туралы декларация. 

Халықаралық өтінім және оған қоса берілетін құжаттар, тіркеуге өтінім берілген белгінің суреттерін қоспағанда, екі данада беріледі.  Халықаралық өтінімнен басқа құжаттар қазақ не орыс тілінде ұсынылады.

Халықаралық баж мыналарды қамтиды: 

•      негізгі бажды (халықаралық тіркеуге өтінім берген үшін) – ақ-қара белгілер үшін 653 швейцар франкісі және түстілер үшін 903 швейцар франкісі;

•      қосымша бажды (үштен артық тауар және қызмет сыныптарының әрқайсысына  – 100 швейцар франкісі;

•      қосымша бажды (көрсетілген әрбір ел үшін) – 100 швейцар франкісі.

Хаттамаға сәйкес жеке баждарды белгілеген елдерді көрсеткен кезде қосымша және қосылған баждар жеке бажға ауыстырылады.

Халықаралық баж ДЗМҰ банк есеп шотына швейцар франкісімен төленеді ( «bank transfer» тармақшасын қараңыздар). Төленген бажды ДЗМҰ Халықаралық бюросы дұрыс теңдестіруі үшін, төлем тапсырмасында мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс.    

•      Төлеушінің атауы және толық мекенжайы;

•       төлем мақсатында – «Fee for filing international application for trademark (бар болса белгінің атауы) based on national application No. (көрсету) (нұсқасы: national registration No. (көрсету)) in the name of (халықаралық өтінім бойынша өтінім берушіні көрсету  –  ол халықаралық баж төлеушіге ұқсас болмаған жағдайда)».

Халықаралық өтінімге сараптама жасау рәсімі көп сатылы.  ҰЗМИ  түскен халықаралық өтінімді және оған қосымша құжаттарды қарайды және олар ұлттық немесе халықаралық заңнамаға сәйкес келмесе, өтінім берушіге сұрау салу жібереді.   Барлық талаптарға сай халықаралық өтінім ДЗМҰ Халықаралық бюросына жіберіледі. ДЗМҰ Халықаралық бюросы өтінімге алдын ала сараптама жүргізеді. Егер сараптама нәтижесі оң болса, белгі халықаралық тізілімде тіркеледі және «ДЗМҰ халықаралық белгілер бюллетені» ресми басылымда жарияланады.  Халықаралық бюро бір мезгілде иесіне тіркеу туралы куәлікті (certificate of registration) жібере отырып, оған және халықаралық тіркеуде көрсетілген елдердің ведомстволарына тіркеу туралы хабарлайды. Бұл ведомстволар хабарландыру күнінен бастап 12 немесе 18 ай ішінде ұлттық заңнамаға сәйкес халықаралық тіркеуге сараптама жасайды және  қажет болса, қорғаудан бас тарту туралы алдын ала шешім шығарады, оны иесіне Халықаралық бюро арқылы жібереді. Иесі бас тартуды мәні бойынша сараптама жүргізілген елдің заңнамасының талаптарына  сәйкес дауласуы мүмкін.  

5 жыл бойы негізінде халықаралық өтінім берілген халықаралық тіркеу ұлттық (базалық) тіркеуге немесе өтінімге тәуелді болады.  Осы мерзім өткенше ұлттық өтінімді кері қайтарып алған, тіркеуден толық немесе ішінара бас тарту туралы соңғы шешім қабылданған, ұлттық тіркеудің қолданысы тоқтатылған, ұлттық тіркеу толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған жағдайда, халықаралық тіркеу нәтижесінде туындайтын қорғау тоқтатылады.  5 жыл өткен соң халықаралық тіркеу негізгі тіркеуден тәуелсіз болады.

Халықаралық тіркеудің қолдану мерзімі әр кезде шектеусіз жаңа 10 жылға ұзарту мүмкіндігімен 10 жылды құрайды.

Халықаралық тіркеуге байланысты барлық әрекеттерді оның иесі ДЗМҰ мекенжайына (World Intellectual Property Organization, Chemin des Colombettes 34, CH-1211 Geneva, Switzerland) тиісті өтінішхатты (белгіленген бажды төлеумен) жіберу арқылы өзіндік жүзеге асырады  Халықаралық тіркеуге қандай да бір өзгерістерді енгізу мүмкіндігі және оларды енгізу тәртібі туралы ақпарат ДЗМҰ белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі басшылықта (2016 жылғы редакцияда ағылшын тілінде) қамтылған www.wipo.int/treaties/ru/registration/madrid/summary_madrid_marks.html.  (2008 жылғы редакция). Орыс тіліне аударылған Басшылық http://www1.fips.ru/wps/wcm/connect/content_ru/ru/documents/international_documents/international_agreement/dog_zak_tz Ресей Федерациясының Зияткерлік меншік жөніндегі Федералдық қызметтің сайтында орналасқан. 

 

Халықаралық тіркеулер жөніндегі ақпаратты (үзінді көшірмелер немесе өзге түрде) ДЗМҰ Халықаралық бюросы ұсынады.

ПАЙДАЛЫ БАЙЛАНЫСТАР:

•       ДЗМҰ Мадрид тізілімінің клиенттеріне қызмет көрсету бөлімі — жалпы мәселелер, өтінішхаттарды беру. Электрондық пошта мекенжайы: intreg.mail@wipo.int Бұл e-mail мекенжайы   спам-боттардан қорғалған, оны қарап шығу үшін Сізде Javascript қосылған болуы тиіс, тел. +(41 22) 338 86 86 (дүйсенбі-жұма  9:00 ден 18:00 дейін( Женева уақыты);

•                          Madrid Team 2 (ДЗМҰ Мадрид тізілімінің Қазақстан Республикасына жетекшілік ететін бөлімшесі ) – берілген өтінішхаттарға қатысты мәселелер. Электрондық пошта мекенжайы: madrid.team2@wipo.int  Бұл                e-mail мекенжайы   спам-боттардан қорғалған, оны қарап шығу үшін Сізде Javascript қосылған болуы тиіс