Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) тауар белгісін тіркеу туралы шешімі негізінде және қызмет көрсетушінің тауар белгісін тіркеу бойынша қызметтеріне төлем жүргізілген жағдайда, тауар белгілерінің Мемлекеттік тізіліміне тауар белгісі туралы мәліметтер реттік нөмір (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) мен мәліметтерді енгізу күні (бұдан әрі – тіркеу күні) көрсетіле отырып енгізіледі.
Төлем қолма-қол ақшасыз тәсілмен newcab.kazpatent.kz қызмет көрсетушісінің ақпараттық жүйесіне біріктірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, Ережелердің 3-қосымшасында көрсетілген банк деректемелері бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – қызмет алушы) портал арқылы келесі құжаттарды жолдайды:
1) «Тауар белгісін тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі (егер мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінім өкіл арқылы берілсе).
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі сілтеме арқылы: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017414
Өтінім беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.
Тауар белгісіне куәліктің телнұсқасын беру
Тауар белгісіне куәліктің телнұсқасын беру кезінде:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтінішхаты;
2) өтінішхаттың электрондық көшірмесі (егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе).
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі сілтеме арқылы: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017414
Өтінім беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.