Ұлттық зияткерлік меншік институты
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы өтiнiмдер сараптамасын кезең-кезеңмен жүргiзедi:
1. Алдын ала сараптама – өтiнiм келіп түскен күннен бастап бір ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi. Сараптама нәтижелері бойынша өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі;
2. Екінші кезең - толық сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап жеті ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында мәлiмделген белгiнiң осы Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 6 және 7-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 11-бабы 1-тармағының 3)тармақшасына сәйкес тауар белгісіне арналған өтінімге сараптама қосымша төлем төленген кезде өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша Заңның жоғарыда көрсетілген нормасында келтірілген мерзімдерден бұрын, бірақ өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін жүргізіледі.