Мемлекеттік тізілімге өзгерістерді енгізу

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасы тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңының 14 б. 3 т. сәйкес тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының және әкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi.

Тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларының 18-22 тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымы тауар белгісі және ұжымдық тауар белгісінің құқықтық мәртебесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы мәліметті мемлекеттік тізілімге уәкiлеттi органның, апелляциялық органның, сот органдарының шешiмi негiзiнде олардың құқық иелерiнiң (олардың мұрагерлерiнiң немесе өкiлдерiнiң) өтініштерімен енгізеді:

  • қорғалған тауар таңбасына құқықты беру туралы тіркелген шарт бойынша;
  • тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы тіркелген лицензиялау (қосалқы лицензия) шарты;
  • кепіл шартында;
  • күрделі кәсіпкерлік лицензиясы туралы шарт бойынша;
  • тіркелген шарттарға қосымша келісімдер туралы;
  • тауар белгісін тiркеу туралы өтiнiштi жарамсыз, толық немесе iшiнара тану туралы;
  • тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмiн тоқтату туралы;
  • иесінің бастамасы бойынша тауар белгісін тіркеуді тоқтату туралы;
  • тауар белгісін, жалпыға бірдей танымал тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы;
  • иесінің аталуының өзгеруіне (құқық иеленуші) оның қайта ұйымдастырылуына (мұрагерлілігіне) және / немесе оның орналасқан мекен-жайын өзгертуге байланысты;
  • иеленушінің атын, тегін және әкесінің атын (бар болса) және / немесе тұрғылықты жерінің мекен-жайын өзгерту туралы;
  • тауар белгісі тіркелген тауарға қатысты (қызметтердің) тізбесін қысқарту, ол тіркелуге әсер етпеген жағдайда;
  • тауар белгісі иесінің өкілін өзгерту туралы;
  • хат алмасу мекен-жайын өзгерту туралы;
  • айқын және техникалық қателерді, сондай-ақ тауар белгісін тіркеуге қатысты өзге де өзгерістерді түзету туралы.

Өзгерістер өтінішхат беру жолымен тіркелу нөмерін көрсете отырып, заңды тұлғаның ресми атауын тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), заңды тұлға мекенжайын, жеке тұлға мекен жайын және сараптама ұйымының қызметіне төлем жасағандығын растау құжатын көрсетуден кейін енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша орын алған әкімшілік - аумақтық бірліктердің атауларына, қалалардың, облыстардың, аудандардың атауларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша орын алған елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларына өзгерістер өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Өтінішхатта көрсетілген бір құқық иеленушіге тиесілі бірнеше тауар белгілері болған жағдайда, бұл өзгерістер бір типті болып есептеледі және мұндай жағдайда төлем әрбір келесі тауар белгісі үшін бір типті өзгерістер енгізгені үшін жүргізіледі.

Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі. Шет тілінде берілген өтініш қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады.

Өтінішхатқа құқық иесімен немесе патенттік сенім білдірілген өкілмен немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкілдің қолы қойылады.

Өтінішхатқа қоса беріледі:

  • тиісті өзгерістерді енгізуді растайтын құжаттар көшірмесі:
  • өзгеріс енгізуге төлем жасалғандығын растау құжаты:
  • сенімхат немесе сенімхат көшірмесі (егер өтініш өкіл арқылы немесе патентік сенім білдірілген өкілмен берілсе).

Өтінішхатта иесінің атына өзгерістер енгізілген кезде тиісті өзгерісті көрсету қажет, өтінішхатқа қоса беріледі:
1) өзгерістер енгізгені үшін төленгенін растайтын құжат;
2) сенімхат (егер өтінішхатты өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (Егер өтінішхатты патенттік сенім білдірілген өкіл берсе).

Өтініш және оған қоса берілген құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Егер толық емес құжаттар жиынтығы ұсынылса осы қағиданың 20-тармағына сәйкес өтініш беруші жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Тиісті құжаттар жиынтығы ұсынылмаған жағдайда өзгерістер енгізілмейді және ол туралы өтініш берушіге хабарланады.

Өзгерістер енгізілген кезде Қазақстан Республикасының тауар таңбаларының, тауарлардың атауларының мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізіледі және ол туралы хабарлама бюллетеньде жарияланып, өтініш беруші мекен жайына тиісті өзгерістер енгізілгені туралы хабарлама жіберіледі.

Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына және / немесе таратылуына байланысты иеленушінің атына өзгертулер енгізген кезде, өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол қойылады және беріледі. Сонымен бірге, мүдделі тарап өзгерістерді (қайта құру кезінде) және / немесе заңды тұлғаны тарату фактісін растайтын құжаттарды, сондай-ақ тиісті құқықтарды берудің жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынады.

Тауар құқын иеленуші (құқық иесі) жеке тұлға қайтыс болған жағдайда- мүдделі тарап өзгерістер енгізу туралы өтінішпен бірге нотариалдық бекітілген мұрагерлік құқын дәлелдейтін құжаттарын (өсиет) бірге береді.

Ішінара тағайындау нәтижесінде қалыптасқан тауар таңбасы латын әріптерімен мемлекеттік регистрде сол санға сәйкес тіркеледі.

Тiркеу туралы мәлімет мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiледi және ресми бюллетеньде жарияланады және куәлiк өтiнiш берушiге үш жұмыс күнi iшiнде куәлік жiберiледi.

Өтініштің мазмұнындағы қатені түзету немесе тауар таңбасының иесі ұсынған құжаттармен мемлекеттік тізілімде және бюллетеньде жарияланған мәліметтердегі кателіктер тауар таңбасының иесінің өтініші бойынша жүргізіледі.

Тіркеуге қатысты хат алмасу және өкілдің мекен-жайын өзгертуден басқа өзгерістер бюллетеньде жарияланады.

"Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу" Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі: