Ұлттық зияткерлік меншік институты
Шығармашылық еңбектің нәтижесі ретінде өнеркәсіптік үлгі заңмен қорғалуы тиіс. Мұндай қорғауды алу үшін өнеркәсіптік үлгіні уәкілетті органда тіркеу қажет.
Өнеркәсіптік үлгіге патентті алу үшін сараптама жасау ұйымына патент алуға өтінімді беру қажет.
Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгіге патентті беруге өтінімді заңды және жеке тұлға да бере алады. Өтінімді өтініш берушілерден басқа көркемдік-конструкторлық шешімнің авторлары көрсетіледі. Өтініш беруші мен автор бір жеке тұлға бола алады.
Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде:
Сонымен қатар өнеркәсіптік үлгіге арналған өтінімге оның төлемін азайту (Ұлы Отан соғысына (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылар және жеңілдіктері бойынша ҰОС-қа қатысушыларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, кәмелетті жасқа толмағандар, оралмандар, жасы бойынша және атқарған еңбек жылдары бойынша зейнеткерлер, әскери қызметшілер үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама) үшін негіздемені растайтын құжат, шағын және орта бизнес субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі қоса беріледі.