Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасында сараптаманың екі кезеңнен тұратын жүйесі әрекет етеді: формальды сараптама және мәні бойынша сараптама.
Өнеркәсіптік үлгіге патентті беруге өтінімнің формальды сараптамасы сараптама жасау ұйымына өтінім түскеннен кейін жүргізіледі.
Формальды сараптама кезеңінде өтінім құжаттарының болуы тексеріледі, өтінімді беру күні мен басымдылық күні белгіленеді.
Формальды сараптаманы өткізгеннен кейін сараптама жасау ұйымы мәні бойынша сараптаманы жүргізеді. Мәні бойынша сараптама барысында өнеркәсіптік үлгінің қаншалықты патенттке қабілеттілігі анықталады.
Мәні бойынша сараптаманы өткізу барысында сараптама ашық ақпараттық дереккөздері, Қазақстанның патенттік базалары және әлемнің дамыған елдерінің ведомстволар бойынша патенттік-ақпараттық іздеуді жүзеге асырылады, іздеу 20 жыл тереңдікте жүргізіледі.