Ұлттық зияткерлік меншік институты
Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар:
1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:
әдеби туындылар;
драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
сценарий туындылары;
хореография және пантомима туындылары;
мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
дыбыс-бейнежазу туындылары;
кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
қолданбалы өнер туындылары;
сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;
суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
өзге де туындылар.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүмкін барлық түрiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.