Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізуге өтінім беру барысында жиі кездесетін қателіктерді талдау.
Ең жиі кездесетін қателіктер:
- өтінімдегі және туындының көшірмесіндегі әр түрлі атаулар, туындының жасалған күні
- мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларды тіркеуге өтініш берген кезде - мысалы, өтінім берушілер мәтіні бар музыкалық туындыны ұсынады, бірақ ноталарды мәтінсіз береді немесе керісінше;
- сценарийлік туындыны тіркеуге берген кезде диалог түріндегі жұмысты ұсынбайды;
- дыбыс-бейнежазу туындысының авторларын (тең авторларын): сценарий авторы, дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер), қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы суретшінің толық тізімін көрсетпейді.
- мүсіндеме туындысын тіркеуге өтініш берген кезде мүсіннің объективтi нысанының орнына өтінім берушілер эскиз немесе сурет қоса ұсынады;
- сəулет(архитектура) туындысы мен қала-құрылысы туындысын тіркеуге өтініш берген кезде жобаның нобайын (эскиз) және суретін қоса ұсынбайды.
- дизайн туындысына өтінім берген кезде тауар белгісі жиі беріледі.
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны тіркеуге өтінім берген кезде қоса берілетін рефератта бағдарламаның мақсатын мен негізгі техникалық сипаттамаларын біріктіріп жазады, бағдарламалау тілін дұрыс көрсетпейді және іске асырушы ЭЕМ-нің типі болмауы жиі кездеседі.
- құрамдас туындыға немесе туынды шығармаға өтінім берген кезде төл туындының авторымен немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылмайды.
- жарияланбаған туындыны тіркеуге қатысты, өтінім берушілер жарияланған екені көрсетілген (ISBN көрсетілген) туындыларды жиі тіркеуге береді.