Ұлттық зияткерлік меншік институты
"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 11.06.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
www.egov.kz, www.qazpatent.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тізілімде қызметті алушының өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін. |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлікті беру (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізіліміне ақпарат енгізуге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін және уәкілетті органның www.adіlet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.qazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған Бағаларға (бұдан әрі – Бағалар) сәйкес ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. Тізілімге мәліметтерді енгізгені үшін көрсетілетін қызметті беруші веб-порталдың жеке кабинеті арқылы өтініш беруші жүргізетін төлем алынады Қажет болған жағдайда, өтініш беруші төлем мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. Төлем көрсетілетін қызметті берушінің newscab.qazpatent.kz ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы аударым тәсілімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызмет беруші мәліметтерді тізілімге енгізгені үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі-1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) - куәліктің көшірмесін немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесін, "Ленинградты қорғағаны үшін" медаліне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісіне қоса берілетін куәліктің көшірмесін, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігінің не екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшірмесін, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшірмесін немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билеттің көшірмесін, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшірмесін, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәліктің көшірмесін, Чернобыль АЭС-індегі аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлігінің көшірмесін немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактісін растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшірмесін, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес - еңбек кітапшасының көшірмесін немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттардың көшірмесін (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзінді көшірмелердің, коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкаларының, немесе қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдерінің, немесе сот шешімдерінің, немесе арнайы комиссиялардың шешімдерінің), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтері бар әскери билеттің немесе анықтаманың көшірмесін; 2) мүгедектерге, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуіне; 3) қандастарға; 4) кәмелетке толмағандарға. Жеңілдіктер адамдар санаттарының кез келгеніне жататындығы туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде мәліметтерді Тізілімге енгізгені үшін белгіленген бағаның 95 (тоқсан бес) пайызы мөлшерінде беріледі. |
7 |
Жұмыс кесесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Веб-портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін: 1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) туындының данасы. Туындының бір данасының орнына өтінішке - эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал электрондық есептеуіш машинаға (ЭЕМ) немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін. 3) құрамдас немесе туынды шығармаға қатысты түпнұсқалық туындының авторымен (ларымен) немесе құқық иесімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады егер, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні құрамдас туындыда басқа авторлардың қорғау мерзімі өткен туындылары пайдаланылған болса, авторлық шарт ұсынылмайды.Негізінде туынды шығарма жасалған туындының қорғау мерзімі өткен жағдайда негізгі туындының авторымен авторлық шартты ұсыну талап етілмейді; 4) діни мазмұны бар туындыларға қатысты діни сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі қосымша ұсынылады. Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін: осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. |
9 |
Көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 9-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. |
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. 2. Көрсетілетін қызметтті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" веб-порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 62 15 15, 8 (7172) 62 15 16. Бірыңғай байланыс орталығы - 1414, 8 800 080 7777. |