Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне айрықша құқықтар туралы шарттарды тіркеуге өтінімдерді беру кезінде қызмет алушылар жиі мынадай қателіктер жібереді:
- қорғау құжаты немесе айрықша құқық иеленушiнiң басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң көшiрмесi ұсынылмайды;
- өтінімнің бағандары толтырылмаған немесе дұрыс толтырылмаған;
- өтінімде және шартта көрсетілген тараптардың атаулары және/немесе мекен-жайлары бір-біріне немесе тиісті мемлекеттік тізілімдердің мәліметтеріне сәйкес келмейді;
- айрықша құқықты тіркеуді және беруді, өнеркәсіптік меншік обьектісін пайдалануға құқық беруді жүргізетін орган дұрыс көрсетілмейді