Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде беріледі.

Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларының 2, 3, 8, 9,10 қосымшаларға сәйкес, айрықша құқықты берудің тиісті мемлекеттік тізілімдерінде тіркеу қағидаларына тауар таңбасын пайдалануға құқық беру, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқық беру, ашық немесе мәжбүрлеу лицензиясын беру қағидаларына, селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына айрықша құқықты беру, тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларына айрықша құқықты беру, құқықты беру селекциялық жетістіктерді пайдалану, ашық немесе мәжбүрлеу лицензиясы және интегралды микросхемалар топологиясы мемлекеттік тізілімде тіркеу қағидаларының 1, 2, 8, 9, 10 қосымшаларымен айрықша құқық, топологияларды қолдануға құқық беру жөнінде өтініш беріледі.

Өтінішке:

  1. төлемді растайтын құжат;
  2. объектіні пайдалану құқығын беретін шарт немесе нотариалдық куәландырылған шарттың көшірмесі;
  3. егер өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілуі өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі;
  4. Ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде кәсіпорын басшысының шарт жасасу және Шартқа қол қою жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/ акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі.


    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:  10 жұмыс күні ішінде. Көрсетілген мерзім өтініш және оған қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі және «ҰЗМИ» РМК-нің сұрауы бойынша өтініш иесіне жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсынуы немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.