Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін, 2024 жылғы 29 ақпанда Алматы қаласының Әділет департаментінде Qazpatent директоры Ербол Оспановтың патенттік сенім білдірілген өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуде зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық және заңнаманы жақсарту мәселелеріне баса назар аударылды. Qazpatent директоры мен патенттік сенім білдірілген өкілдер арасындағы диалог барысында зияткерлік меншік объектілерін тіркеу саласындағы сараптама ұйымымен өзара іс-қимылдың, оның ішінде тауар белгілерін сараптау рәсімін жеделдетуге қатысты өзекті мәселелері талқыланды.
Ербол Оспанов бұл кездесудің маңыздылығына сенім білдіріп, елдің инновациялық әлеуетін қолдау үшін Qazpatent пен патенттік сенім білдірілген өкілдер арасындағы белсенді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ патенттерді тіркеу процестерін жақсарту және Қазақстандағы зияткерлік меншікті реттейтін нормативтік базаны жетілдіру бойынша идеялар мен ұсыныстар ұсынылды.
Тараптар Qazpatent пен патенттік сенім білдірілген өкілдер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған талқылаулардың нәтижелілігін атап өтті.