Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

«Франчайзинг – шағын және орта бизнесті дамыту құралы» атты дөңгелек үстел өтті

28 ақпан, 2024

2024 жылғы 28 ақпанында "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (Qazpatent) алаңында "Франчайзинг - шағын және орта бизнесті дамыту құралы ретінде" тақырыбында Qazpatent FRANCHDAY.COM франшизаларды орау жөніндегі компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған "QazTrade "сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, "Даму Қоры" АҚ, "Central Asia Association of Franchise" қауымдастығы (CAAF), "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), «Астана даму орталығы» ЖШС, отандық бизнес өкілдерінің, Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел аясында франшизаны дамытудың заңнамасы мен құралдары, Qazpatent-те өнеркәсіптік меншік объектілерінің Мемлекеттік тізілімдерінде франшиза шартын тіркеу, қазақстандық франшизалардың ұлттық тізілімін құру, халықаралық франшизаларды аккредиттеу, қазақстандық франчайзерлер/франчайзилер үшін инвестициялық артықшылықтар мәселелері қамтылды.
Qazpatent мемлекеттік тізілімдер, жарияланымдар және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу департаментінің басшысы Асемгуль Казиева "Қазақстанда франчайзинг шартын тіркеу" -тақырыбында сөз сөйледі.
Франчайзинг моделін енгізген "ОЛИМП" КДЗ, "GLOBAL COFFEE", "ZEBRA COFFEE", "INVICTUS" отандық компанияларының өкілдері франчайзингтің іс жүзіндегі тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің модераторы Qazpatent директорының орынбасары Айша Жумабекова қорытындылап, спикерлер мен тыңдаушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Дөңгелек үстел қатысушылары Qazpatent-ке алғыстарын білдіріп, осы бағыттағы диалогты әрі қарай жалғастыру туралы тілектерін білдірді.