Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent өкілдері қазақстандық фармацевтикалық форумның жұмысына қатысуда

07 ақпан, 2024

Ұлттық зияткерлік меншік институтының (Qazpatent)  өкілдері 2024 жылғы 7-8 ақпанда Алматы қаласында өткізіліп жатқан екі күндік қазақстандық фармацевтикалық форумның жұмысына қатысуда.

Іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға, пациенттерге дәрілік препараттардың қолжетімділігін кеңейту жөніндегі басымдықтар мен мүмкіндіктерге арналған форумның ашылуына Qazpatent директорының орынбасары Айдын Артықова қатысты, ол өз сөзінде фармацевтикалық әзірлемелерді патенттеу фармацевтика өнеркәсібіндегі негізгі уәждемелердің бірі болып табылатынын атап өтті және дәрілік заттарды патенттеу кезінде өндіруші мен тұтынушы мүдделерінің теңгерімін ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, институттың құзыретіне кіретін патенттік ведомство ретіндегі функциялары, фармацевтика саласындағы тіркеу және патенттеу тетіктері туралы айтып берді.

 Айдын Артықова өз сөзінде Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілеріне сәйкес дәрі-дәрмектерді жедел тіркеу мүмкіндігі мен дәрілік препараттарды тіркеу ерекшеліктері туралы атап өтті. 

Форумға реттеуші органдардан , жетекші халықаралық және жергілікті фармацевтикалық өндіруші компаниялардан, дистрибьюторлардан және дәріхана желілерінен, соның ішінде Solgar, Bosnalek, Pfizer, Sandoz, Abbot, Joghson&Johnson, Novo Nordisk, СК-Фармация, AstraZeneca, Stada Еуразия, Novartis, Polpharma, Zentiva 200-ден астам қатысуда. 

Бағдарламаның 12 сессиясында ең өзекті тақырыптар бойынша 50-ден астам спикерлер сөз сөйлейді., дөңгелек үстелдер және фармацевтикалық өндіруші компаниялардың, дистрибьюторлардың және дәріхана желілерінің топ-менеджерлерімен бір-бірден кездесулер өтеді.

 8 ақпанда ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі директордың орынбасары Марина Cеротинаның, Qazpatent  Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Зәуре Орынбекованың, Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекованың қатысуымен дәрілік препараттарға зияткерлік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел жұмысына қатысу жоспарлануда. 

Форумның толық бағдарламасы сілтеме бойынша қолжетімді https://kazakhstan.pharmaceutical.forum/ru/programme/