Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

08 қыркүйек, 2023

Ағымдағы жылы 08 кыркүйекте «Ұлттық зияткерлік меншік институтында» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты семинар болып өтті. Семинарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі,  заң ғылымдарының докторы, профессор Башимов Марат Советұлы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің аса маңызды істер бойынша офицері Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы қатысты.

«Бүгінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Соның ішінде, мекеме сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығының қызметі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістер туралы анықтама, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жылдық жоспары, әдеп жөнінде кодекс және тағы да басқа қолданып жүрген ішкі нормативтік-құқықтық актілерімізді негізге ала отырып қызмет атқарады» - деп атап өтті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК комплаенс-офицері және әдеп жөніндегі уәкіл Байтасова Индира.

Семинар барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Башимов Марат депутаттары кезекті сессияда көтергелі отырған біраз мәселелер мен қарасытырылатын заңнамалар қатары бар екеніне тоқталып өтті.