Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent Әділет министрлігімен бірлесіп Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін тренинг өткізді

25 мамыр, 2023

25 мамырда Qazpatent алаңында Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік құқығы: Заңнама новеллалары, сын-қатерлер және шешу жолдары» тақырыбында тренинг өтті.

Қазіргі ақпараттық және технологиялық қоғамда зияткерлік меншікті қорғау барған сайын өзекті және маңызды бола түсуде. Біз бизнес, технология және инновация өте жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқан дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан зияткерлік меншік объектілерін тиімді қорғау біздің мемлекетіміз үшін басым міндетке айналуда.

Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тренинг аясында қатысушылар зияткерлік меншіктің әрбір объектісімен танысты, заңнамадағы жаңа өзгерістерді мұқият қарастырды және әділет органдары құқықтық түсіндіру қызметі шеңберінде жүргізетін маңызды жұмысты талқылады.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова өзінің құттықтау сөзінде зияткерлік меншік объектілерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін зияткерлік меншік саласындағы мамандардың білімін өзектендіру мен жаңартудың маңыздылығын атап өтті.

Директордың орынбасары Айдын Артықова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға Qazpatent қызметі туралы айтып берді.

Тренингте ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары Департаментінің сарапшылары, сондай-ақ Qazpatent сарапшылары сөз сөйледі.

Сондай-ақ, тренинг аясында әділет департаменттері қызметкерлерінің Qazpatent сарапшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар сарапшыларға олардың қызметіне қатысты нақты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Тренинг нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.