Ұлттық зияткерлік меншік институты
26 сәуірде QAZPATENT алаңында Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында «Әйелдер мен зияткерлік меншік – инновация мен шығармашылықтың катализаторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара зияткерлік меншікке байланысты ғылым, технология, шығармашылық және бизнес саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа құру мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар зияткерлік меншікті құру мен қорғаудағы әйелдердің рөлін, сондай-ақ осы салада кездесетін кедергілерді талқылады. Әйелдердің инновациялық қызметтегі жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдануға болатындығы және олардың инновацияларды құруға қатысуын қалай арттыруға болатындығы туралы пікірлер айтылды.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықова өзінің құттықтау сөзінде әйелдердің зияткерлік меншік саласындағы хабардарлығын арттырудың және олардың қатысуын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Qazpatent директоры Ербол Оспанов дөңгелек үстелге қатысушыларға Qazpatent қызметіне қатысты ақпаратпен таныстырды.
Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті, патенттік сенім білдірілген өкілдер, Кәсіпкер әйелдер одағы, Astana Hub, Techno Women, «Алматы Менеджмент Университеті» креативті индустриялар орталығы, «Атамекен» ҚР ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары, Ғылым қоры, QazTrade, QazInnovations, ЗМ саласындағы ғалымдар мен сарапшылардың өкілдері сөз сөйледі.
Спикерлер өздерінің жарқын презентацияларында қатысушылармен инновациялық және кәсіпкерлік қызметтегі әйелдерді қолдаудың ағымдағы бағдарламалары туралы бөлісті.
Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы әртүрлі мүдделі тараптар арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға ықпал етті.
Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында ҚР Патенттік сенім білдірілген өкілдерінің Qazpatent сарапшыларымен жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуі барысында ҚР ӘМ апелляциялық кеңесі қызметінің мәселелері, ЗМ саласындағы дауларды қараудың сот практикасы, ЗМ объектілерін құратын ұйымдарда ЗМ саясатын енгізу қажеттілігі және басқалар талқыланды.
Ербол Оспанов патенттік сенім білдірілген өкілдердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы белсенді қызметі үшін сіңірген еңбегін атап өтті.
Qazpatent дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына осы маңызды тақырыпты талқылауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және болашақта инновациялық әйелдермен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.
Фотосуреттерге сілтеме https://drive.google.com/drive/u/0/mobile/folders/1JYqNe0sJhOhuZNBmb4J5de7URBeO_Cw6?usp=sharing