Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 14-15 наурызда Астана қаласында QAZPATENT кеңсесінде Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПО) және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен Еуразия технопарктерінің өңірлік кездесуі өтті. Еуразия мемлекеттерінің жетекші технопарктерінің өкілдері зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды басқару жүйесін құру үшін жергілікті саясатты әзірлеу тәжірибесімен алмасты. Олардың саны ЕАПО мемлекеттерінде өсуде, алайда Технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеудің тиімді жүйелерін құру барлығына ортақ мәселе болып қала береді.
Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа инновациялық өнімдер мен қызметтерді құру арқылы зияткерлік меншік жүйесін тиімді пайдаланудағы технопарктердің әлеуетін арттыру аса маңызды бастама болып табылатынын атап өтті. Бұл бағыт инновациялық процестің барлық қатысушыларын, атап айтқанда жоғары оқу орындарын, ғылыми ұйымдарды, кәсіпорындар мен инвесторларды қоса алғанда, өңірдің технопарктерінің тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді талап етеді.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі мақсаттарына тек инновациялық техникалық шешімдерді дамыту және енгізу арқылы қол жеткізуге болады, -деп атап өтті кездесу ашылуында Еуразиялық патенттік ведомствоның (ЕАПВ) вице-президенті Эмиль Маммадов. - Инновациялық даму зияткерлік меншіктің тиімді жүйесін құрумен тығыз байланысты. Бұл өз кезегінде материалдық емес активтерді сауатты басқаруды талап етеді.
«ДЗМҰ зияткерлік меншік саласындағы саясатты құру мәселелерімен жүйелі түрде айналысады-өңірдің бірнеше мемлекетінде университеттер мен ғылыми ұйымдар үшін үлгілік саясатты құру үшін тақырыптық іс-шаралар іске асырылды. Қазір ЕАПО елдерімен бірлесіп технопарктердің ерекшелігін зерттеп жатырмыз. Бұл материалдық емес активтермен жұмысты құрылымдауға, оған ұлттық және институционалдық деңгейде жүйелі сипат беруге мүмкіндік береді» - деп, ДЗМҰ дамыған және өтпелі экономикасы бар елдер бөлімінің директоры Хабиб Асан атап кетті.
Технопарк өкілдері ЗМ басқару саласындағы саясатты әзірлеудің негізгі элементтерін талқылады: нормативтік база, технологиялар трансфері бойынша бөлімшелердің жұмысы, кадрлармен қамтамасыз ету және қаржыландыру көздерін тарту. Қатысушылар технопарктердің өнертапқыш-резиденттерін көтермелеу шараларына ерекше мән берді.
Өңірлік кездесу ЕАПҰ мен ДЗМҰ-ның Еуразия елдерінің технопарктерін зияткерлік қызмет нәтижелерін басқаруға және коммерцияландыруға оқыту жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде өткізілді.