Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

«Қазақстандағы технологияларды лицензиялау мәселелері» тақырыбындағы «Technology Commercialization Рoint» диалог алаңы

10 ақпан, 2023

2023 жылғы 10 ақпанда QAZPATENT-те «Ғылым қоры» АҚ, QAZPATENT және «Қазақстанның патенттік сенім білдірілген Палатасы» ҚБ ұйымдастырған «Қазақстандағы технологияларды лицензиялау мәселелері» тақырыбында «Technology Commercialization Рoint» диалог алаңы өтті.

Кездесу Қазақстанда технологияларды лицензиялау проблемаларын анықтау, ғылыми қызмет нәтижелерін лицензиялауда тәжірибе алмасу және ҒҒТҚН коммерцияландыру деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар (ҒҒТҚН) әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Ғылым Қорының басқарма төрағасы Әбділда Шаменов, Қазақстанның патенттік сенім білдірілген палатасының төрағасы Модангүл Тағбергенова және Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары Айдын Артықова сөз сөйледі.

Айдын Артықова тыңдаушыларды «Қазақстандағы ИЫҰ лицензиялау деңгейімен таныстырды». Сондай-ақ, ғылыми қызмет нәтижелерін лицензиялаудағы ғылым мен бизнесті интеграциялаудың мәселелері мен рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, Nazarbayev University, KazАtomРrom ғылыми әзірлемелерін лицензиялау тәжірибесі, Зейлхан Тағаевтың селекциялық жетістіктерін лицензиялау тәжірибесі қаралды.

Іс-шараға патенттік сенім білдірілген өкілдер, Ғылым қорының бизнес-серіктестер клубының, университеттерді коммерцияландыру кеңселерінің өкілдері және ғалымдар қатысты.

Іс-шара соңында ұсынымдар әзірленді.