Ұлттық зияткерлік меншік институты
Топологияларды тіркеу туралы шешімнің негізінде және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК) куәлік беру қызметтері үшін төлемдер расталған жағдайда, "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне (әрі қарай – Мемлекеттік тізілім) топология бойынша мәліметтер, оған реттік нөмір беріле отырып енгізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім беруші портал арқылы:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде беріледі.
Төлем көрсетілетін қызметті берушінің newcab.kazpatent.kz ақпараттық жүйесімен біріктірілген екінші деңгейдегі банктің төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген банктік деректемелер бойынша жүзеге асырылады.
2) өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі.
3) рефератты қоса алғанда, топологияны сәйкестендіретін материалдардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017397
Өтініш беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.
ИМТ куәлігінің көшірмесін беру
ИМТ куәлігінің көшірмесін беру кезінде:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғаның (иесінің) өтінішхаты;
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі (егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішхат өкіл арқылы берілсе).
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017397
Өтініш беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/.