Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады.

Патенттің әрекет ету мерзімін уәкілетті орган патент иеленушісінің өтінішхаты бойынша 10 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Селекциялық жетістікке патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту туралы өтінішхат сараптама жасау ұйымына патентті күшінде сақтаған жағдайда, оның әрекет ету мерзімі ішінде беріледі. Өтінішхат осы Ережелердің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Өтінішхатқа селекциялық жетістікке патенттің әрекет ету мерзімін ұзартқаны және мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялағаны үшін тиісті төлеуді растайтын құжат қоса беріледі.