Ұлттық зияткерлік меншік институты
Селекциялық жетістікке патент алу өтінімі әрбір өсімдік сортына, жануарлар тұқымына рәсімделеді және келесідей құжаттарды қамтиды:
1) патент беру туралы өтiнiш;
2) айқындылық дәрежесі және индексімен сипатталатын кесте арқылы берілген селекциялық жетістік сауалнамасы;
3) сенiмдi өкiл арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат.
Селекциялық жетістік өтiнiмімен бірге:
1) өтiнiм беру ақысы;
2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін (ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 23 желтоқсан 2020 жылғы №254-нқ бұйрығы 2-ші қосымшасының 1.1 және 3.1 тармақшаларына сәйкес жеңілдікке ие тұлғалар санатына жататын өтінім берушілерге) растайтын құжаттар қоса беріледі.
Селекциялық жетістік өтініміне қоса берілетін төлем құжаттары өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзім ішінде тапсырылады.
Белгiленген мерзiмде ақы төленгенi туралы құжаттар табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген деп танылады.
Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жыл 29 тамыздағы № 1349 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz бұйрығының 1-ші қосымшасына сәйкес рәсімделеді.