National Institute of Intellectual Property
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) патент беру туралы шешімі негізінде және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды патент беруге дайындау және жариялау қызметі үшін төлем жасалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Өтiнiш берушi мемлекеттік қызметті портал арқылы беру үшін:
1) «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтінішті жолдайды. Өтініш және қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде беріледі.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Өтінішке қоса беріледі:
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі, егер өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілуі өкіл арқылы берілген жағдайда;
3) егер көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Патент Заңының 26-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерден бұрын мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш білдірсе, мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішхаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сілтемесі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415
Өтініш берудің сілтемесі: https://newcab.kazpatent.kz/.
Өнеркәсіптік үлгіге патент берудің телнұсқасы
Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
1) осы қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхаты;
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілуі өкіл арқылы берілген жағдайда.
Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден төлемді растайтын құжат туралы ақпаратты алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сілтемесі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415
Өтініш берудің сілтемесі: https://newcab.kazpatent.kz/.