Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

РМК «ҰЗМИ» «E-otinish» жүйесінде өтініштермен жұмыс істеу бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді

09 ақпан, 2026

2026 жылғы 6 ақпанда жеке және заңды тұлғалардың «E-otinish» жүйесіндегі өтініштерімен жұмыс жүргізуді жетілдіру мақсатында оқыту іс-шарасы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Әділхан Шыңғыс Есенгелдіұлы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың бас менеджері Құлғараев Ерген Ділдәбекұлы қатысты.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшылығының тұрақты бақылауында.