Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Казпатент Республикалық заң консультанттары алқасының мүшелері үшін вебинар өткізді

30 қаңтар, 2026

2026 жылғы 30 қаңтарда Казпатент Республикалық заң консультанттары алқасының мүшелері үшін «Тауар белгілерін құқықтық қорғау. Зияткерлік меншік саласындағы кейбір аспектілер» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара барысында Казпатент сарапшылары Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі авторлық құқық саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану, өнеркәсіптік меншік объектілері мен дараландыру құралдарын қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты практикалық аспектілерді қарастырды.

Вебинарды өткізу зияткерлік меншік саласындағы заң консультанттарының құқықтық мәдениетін арттыруға және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

Казпатент зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау тетіктері бойынша хабардарлықты арттыруға және кәсіби қауымдастықты дамытуға бағытталған оқыту іс-шараларын алдағы уақытта да жалғастырады.