Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Казпатент Республикалық заң консультанттары алқасының мүшелеріне арналған вебинар өткізді

29 қаңтар, 2026

2026 жылғы 29 қаңтарда Казпатент Республикалық заң консультанттары алқасының мүшелері үшін «Тауар белгілерін құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Казпатент сарапшылары тауар белгілеріне алдын ала сараптама жүргізу мәселелерін, олардың құқықтық қорғалу ерекшеліктерін, сондай-ақ тауар белгілерін шетелде тіркеу тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Вебинар зияткерлік меншік саласындағы заңгерлердің құқықтық мәдениеті мен кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды

Казпатент кәсіби қауымдастықты дамытуға және зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау тетіктері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларының сериясын алдағы уақытта да жалғастырады.