Ұлттық зияткерлік меншік институты
Алматы қаласында фармацевтика саласын дамытудың өзекті мәселелерін, дәрілік заттардың айналымын реттеу, сондай-ақ инновацияларды құқықтық қорғау тақырыптарын талқылауға арналған Халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форум өтті. Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, фармацевтикалық бизнестің, сараптамалық және ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары Ержан Жунисов дәрілік заттарды патенттік қорғау мәселелеріне арналған баяндама жасады. Ол өз сөзінде фармацевтикалық әзірлемелерді құқықтық қорғаудың негізгі аспектілерін, соның ішінде патенттердің қолданылу ерекшеліктері мен патенттік қорғаудың реттеуші тетіктермен арақатынасын кеңінен баяндады.
Казпатент өкілдерінің халықаралық салалық іс-шараларға қатысуы ведомствоаралық және салааралық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ фармацевтика саласында зияткерлік меншікті қорғау бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етеді.