Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өтінім берушілердің назарына!

05 қаңтар, 2026

01.01.2026 жылдан бастап тарифтерге өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, ТҚХС-ның бір сыныбының шеңберінде тауарлар/қызметтердің 10 атауынан асқан әрбір атау үшін төмендегі мөлшерде қосымша ақы алынады:

ҚҚС-сыз қызметтердің құны:

Қызмет

Заңды тұлғалар

Шағын және орта бизнес

Жеке тұлғалар

алдын ала сараптама

603, 45 теңге

452, 59 теңге

422, 41 теңге

толық сараптама

1 077, 59 теңге

808, 19 теңге

754, 31 теңге

Барлығы

1 681,04 теңге

1 260,78 теңге

1 176,72 теңге


ҚҚС-мен қоса қызметтердің құны:

Қызмет

Заңды тұлғалар

Шағын және орта бизнес

Жеке тұлғалар

алдын ала сараптама

700, 00 теңге

525, 00 теңге

490, 00 теңге

толық сараптама

1 250, 00 теңге

937, 50 теңге

875, 00 теңге

Барлығы

1 950, 00 теңге

1 462, 50 теңге

1 365, 00 теңге

Осыған байланысты, мәлімделген тізімді дұрыс есепке алу мақсатында, тауарларды/қызметтерді нүктелі үтірмен (;) бөліп көрсетуіңізді сұраймыз.

Мысалсырт киім; кестелі киім; дайын киім.

Ескерту:

Жасалған төлем сомасы мәлімделген тізімге сәйкес келмеген жағдайдаҚазақстан Республикасының «Тауар белгілеріқызмет көрсету белгілерігеографиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 9-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Іс жүргізуді тоқтату туралы хабарлама шығарылады.


Егер тауардың/қызметтің атауы ТҚХС-ның тізімінде жоқ болған жағдайда тауарларды/қызметтерді «Қосымша тауарларды қосу» (қосымша тауарлар/қызметтербөлімінде көрсету керек.

Ескерту:

Тауарды оның функциясынамақсатынажасалған материалына немесе оның қызмет ету қағидасына сәйкестаңдалған сыныпқа сәйкес келетіндей етіп жіктеу қажет.

Қызметті қызмет бағытына сәйкестаңдалған сыныпқа сәйкес келетіндей етіп жіктеу қажет.

Тауарлар мен қызметтерді сипаттау кезінде сыныпты бірмағыналы бағалау үшін анық емес ұғымдардыаббревиатуралардытауардың маркалары мен модельдерінің атауларынсондай-ақ «және сол секілді», «және басқалар», «және тағысын тағылар» сияқты сөйлемдерді қолданбау керек және ТҚХС-қа сәйкес анықталған терминологияны басшылыққа алу керек.