National Institute of Intellectual Property
01.01.2026 жылдан бастап тарифтерге өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, ТҚХС-ның бір сыныбының шеңберінде тауарлар/қызметтердің 10 атауынан асқан әрбір атау үшін төмендегі мөлшерде қосымша ақы алынады:
ҚҚС-сыз қызметтердің құны:
|
Қызмет |
Заңды тұлғалар |
Шағын және орта бизнес |
Жеке тұлғалар |
|
алдын ала сараптама |
603, 45 теңге |
452, 59 теңге |
422, 41 теңге |
|
толық сараптама |
1 077, 59 теңге |
808, 19 теңге |
754, 31 теңге |
|
Барлығы |
1 681,04 теңге |
1 260,78 теңге |
1 176,72 теңге |
ҚҚС-мен қоса қызметтердің құны:
|
Қызмет |
Заңды тұлғалар |
Шағын және орта бизнес |
Жеке тұлғалар |
|
алдын ала сараптама |
700, 00 теңге |
525, 00 теңге |
490, 00 теңге |
|
толық сараптама |
1 250, 00 теңге |
937, 50 теңге |
875, 00 теңге |
|
Барлығы |
1 950, 00 теңге |
1 462, 50 теңге |
1 365, 00 теңге |
Осыған байланысты, мәлімделген тізімді дұрыс есепке алу мақсатында, тауарларды/қызметтерді нүктелі үтірмен (;) бөліп көрсетуіңізді сұраймыз.
Мысал: сырт киім; кестелі киім; дайын киім.
Ескерту:
Жасалған төлем сомасы мәлімделген тізімге сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 9-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Іс жүргізуді тоқтату туралы хабарлама шығарылады.
Егер тауардың/қызметтің атауы ТҚХС-ның тізімінде жоқ болған жағдайда тауарларды/қызметтерді «Қосымша тауарларды қосу» (қосымша тауарлар/қызметтер) бөлімінде көрсету керек.
Ескерту:
Тауарды оның функциясына, мақсатына, жасалған материалына немесе оның қызмет ету қағидасына сәйкес, таңдалған сыныпқа сәйкес келетіндей етіп жіктеу қажет.
Қызметті қызмет бағытына сәйкес, таңдалған сыныпқа сәйкес келетіндей етіп жіктеу қажет.
Тауарлар мен қызметтерді сипаттау кезінде сыныпты бірмағыналы бағалау үшін анық емес ұғымдарды, аббревиатураларды, тауардың маркалары мен модельдерінің атауларын, сондай-ақ «және сол секілді», «және басқалар», «және тағысын тағылар» сияқты сөйлемдерді қолданбау керек және ТҚХС-қа сәйкес анықталған терминологияны басшылыққа алу керек.