Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, «QazBioPharm» холдингі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы КЕАҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және еліміздің ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Ph.D Жабағин Мақсат Қизатұлының төрағалық етуімен «Шапағат-2025» өнертабыс саласындағы республикалық конкурс (әрі қарай - Конкурс) комиссиясының отырыс өтті.
Конкурсқа барлығы 142 өтініш келіп түсті, оның 102-сі комиссияның қарауына қабылданды. «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге 10 өтінім, «Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша 14 өтінім, «Өнертапқыш әйел» номинациясы бойынша 9 өтінім, «Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша 14 өтінім, «Үздік инновациялық компания» номинациясы бойынша 6 өтінім, «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясы бойынша 14 өтінім, «Жас дарын» номинациясы бойынша 75 өтінім келіп түсті.
Комиссия «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын Аркадий Игнатьевич Кимге (Алматы қ.) беру лайықты деп шешті. Өнертапқыштың балық шаруашылығы саласына қатысты ойлап тапқан 120-дан астам техникалық шешімдері бар және олардың 52-сі өнертабыстар ретінде тіркелген.
«Шапағат-2025» байқауының жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:
«Жыл өнертабысы» - «Шабылған астық массасын жинау машинасында өңдеу тәсілі және оны жүзеге асыруға арналған құрылғы» өнертабысы. Патент № 36876, иегері: Жарылқасын Сәрсембекұлы Садықов, (Алматы қаласы);
«Өнертапқыш әйел» - Динара Джумабайқызы Басқанбаева (Алматы қ.), гидроэнергетика саласындағы «Гибридті күн сутегі электролизері» және «Электр энергиясын өндіруге арналған гидроэнергетикалық жүйе» өнертабыстарының авторы;
«Үздік инновациялық компания» - «SpaceLab» ЖШС (Астана қ.), ақпараттық технологиялар саласы;
«Ең белсенді өнертапқыш» - Жұмабай Байнатұлы Байнатов (Алматы қ.), құрылыстық механика саласындағы 38 өнертабыстың авторы;
«Жас өнертапқыш» - Қрықбаев Еркін Әлибекұлы (Алматы облысы), иммунология саласындағы 7 өнертабыстың авторы;
«Жас дарын» - Арина Олеговна Кудякова, 7-сынып оқушысы, «Жүргізушінің жағдайын бақылайтын «Жолаушы» зияткерлік жүйесі» жұмысының авторы (Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылы);
Байқау комиссиясының мүшелері өскелең ұрпақты ынталандыру мақсатында «Жас дарын» номинациясына қатысушылардың арасынан «Қазақстанның инновациялық технологияларын дамыту саласындағы жетістіктері үшін» бес жұмысқа диплом беру туралы бірауыздан шешім қабылдады:
1) «PipeEye – су құбырларын қашықтықтан тексеруге арналған автономды құрылғы» жобасы, авторлары - Сейтенов Адлет, Убишова Анель, Джумашева Ляйсан, Тажмұқан Дана, Умарғали Әсер, Мереке Амина, Орал қаласының Назарбаева зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары;
2) «OpenSport – спорттық инфрақұрылымға қолжетімділігі шектеулі өңірлердің футбол таланттарын анықтауға және қолдауға арналған цифрлық платформа» жобасы, авторлары - Каиров Саид, Дараев Мұрат, Алматы қаласының Назарбаева зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары ;
3) «AquaGuard – қоқыстан су тазартатын интеллектуалды робот» жобасы, авторлары - Темірғалиев Алан, Шегебаев Санджар, Ғилым Сауран, Орал қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары;
4) «Вакуумдық-импульстік технология жағдайында шұбаттан алынған ферменттерді қолдану арқылы бидай ұнындағы клейковинаны ферментативті қалпына келтіру» жобасы, авторы - Исмагулова Амина, Алматы қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
5) «Jaqyn: АСБ бар балаларды қолдауға арналған интеллектуалды навигация жүйесі» жобасы, авторлары - Серік Ілияс Жәнібекұлы, Талғат Ернар Жеңісұлы, Хамидолла Нұрахмет, Алматы қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары.
Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 5 желтоқсанында Астана қаласы, К. Қуанышбаев көш., 8/1 мекенжайы бойынша К. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді.
Басталуы – 17:00.
Qazpatent ұйымы барлық жеңімпаздар мен дипломанттарды жеңістерімен құттықтап, шығармашылықтарына табыс пен мол жетістіктер тілейді!