Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Ғылым қоры үшін вебинар өткізді

28 қазан, 2025

28 қазан күні Qazpatent ғалымдар, грант иегерлері және «Ғылым қоры» АҚ қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік құқықтарының кейбір аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар барысында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, тауар белгілерінің, географиялық көрсеткіштердің және тауарлардың шыққан жерінің атауларының құқықтық қорғалуы, өнеркәсіптік меншік нысандарын пайдалану, құқықтарды беру нысандары, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберіндегі халықаралық патенттеу және Еуразиялық патенттік конвенцияға (ЕАПК) сәйкес аймақтық патенттеу мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.